Кейін өңделетін файлды дезинфекциялау

Кейін өңделетін файлды зарарсыздандыруды іске қосу үшін:

  1. Қоймалар қалтасындағы консоль шежіресінен Белсенді қауіптер салынған қалтасын таңдаңыз.
  2. Белсенді қауіптер қалтасының жұмыс аймағында зарарсыздандыру қажет болған файлды таңдаңыз.
  3. Файлды зарарсыздандыру процесін келесі тәсілдердің бірімен іске қосыңыз:
    • Файлдың мәнмәтіндік мәзірінде Зарарсыздандыру тармағын таңдаңыз.
    • Таңдалған файлымен жұмыс істеу блогындағы Зарарсыздандыру сілтемесі бойынша.

Нәтижесінде, файлды зарарсыздандыру әрекеті орындалады.

Файл зарарсыздандырылған болса, клиент құрылғысына орнатылған қауіпсіздік бағдарламасы оны бастапқы қалтаға қалпына келтіреді. Файл туралы жазба Белсенді қауіптер қалтасындағы тізімнен жойылады. Файлды зарарсыздандыру мүмкін болмаса, құрылғыда орнатылған қауіпсіздік бағдарламасы файлды құрылғыдан жояды. Файл туралы жазба Белсенді қауіптер қалтасындағы тізімнен жойылады.

Орнатылған қауіпсіздік бағдарламасына, оның нұсқасы мен параметрлеріне байланысты файлдарды зарарсыздандыру мен жою мүмкіндіктері әртүрлі болуы мүмкін.

Басына оралу